Иран Сыртқы істер министрі Сейед Аббас Арақчи бүгін, жұма күні кешке Америкамен жанама келіссөздердің үшінші кезеңін өткізу үшін Масқатқа аттанады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Иран СІМ баспасөз хатшысы Исмаил Бақайи осы елдің Сыртқы істер министрі Сейед Аббас Арақчидің елінің дипломаттары мен техникалық мамандарынан тұратын делегацияны бастап, бүгін, сәуірдің 25 күні кешке Оман астанасы Масқатқа аттанатынын хабарлады.
Бақайи Арақчидің Масқатқа сапарының мақсатын Америкамен жанама келіссөздердің үшінші кезеңіне қатысу деп атады.
Бақайи Иран мен Америка өкілдерінің техникалық-сарапшылық отырысты екі елдің аға келісімгерлерінің қатысуымен бір мезгілде өткізуге келіскенін айтып: «Арағайын мемлекет Оманның жоспарлауы және Иран мен Американың келісімі негізінде ертең сенбі күні сарапшылардың отырысы мен Иран Сыртқы істер министрі және Америка президентінің арнайы өкілі арасында жанама келіссөздер өтеді», -деді.
Бақайи келіссөздердегі ілегрілеушілікті қарсы тараптың ізгі ниеті мен шынайылығы және реалистік көзқарасымен байланыстырып: «Иран Ислам Республикасының келісімгер тобы бұрынғы тәжірибені басты назарда ұстап, өзінің әрбір қадамын қарсы тараптың әрекетіне сәйкес реттеп, Иран халқының заңды құқығы мен мүддесін қорғау үшін ешбір талпыныстан аянып қалмайды», — деді.
.












