Иран СІМ Аббас Арақчи Түркияда болып жатқан оқиғаларды осы елдің ішкі ісі деп атады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Сейед Аббас Арақчи бұл туралы Түркия СІМ Хакан Фиданмен кеше, наурыздың 24 күнгі телефон арқылы сұхбатта айтты.
Аббас Арақчи Түркия СІМ Хакан Фиданмен сұхбатта Түркияның ішінде болып жатқан өзгерістер туралы сөзінде Иран Ислам Республикасының негізгі ұстанымын қуаттап: «Түркиядағы оқиғалар осы елдің ішкі мәселесі. Біз Түркияның құзырлы органдары жағдайды Түркия халқының мүддесіне сай тиісінше басқарады деп сенеміз», — деді.
Иран және Түркия Сыртқы істер министрлері Сейед Аббас Арақчи мен Хакан Фидан сұхбаттың басында аймақ жағдайы туралы кеңесті.
Арақчи аймақтағы өзгерістер, әсіресе басып алынған Палестина жағдайы, сионистік режимнің Газа мен Ливанға шабуылдауды қайта бастағаны және осы режимнің Сирияға басқыншылығы мен Американың Йеменге қарсы әскери шабуылдары туралы сөйлесті.
Түркия СІМ Хакан Фидан жуырда Каирде Газа секторының жағдайын қарастыру үшін өткен Араб және исламдық байланыс комитетінің отырысына қатысқанын айтып, ислам елдерінің Палестинаның мазлұм халқына бұрынғыдан көбірек көңіл бөлуі қажеттігін қуаттады.
Арақчи да сионистік режимнің атысты тоқтату бітімін өрескел бұзып, Газа мен Ливанға қарсы қылмыстары мен басқыншылықтарын айыптап, әлемдік қауымдастықтан, әсірсе ислам елдері мен аймақ мемлекеттерінен басқыншы режимнің қылмыстарын тоқтату үшін жедел шара қолдануды сұрады.
Иран СІМ сонымен қатар Американың Йеменге қарсы әуе шабуылдарын айыптап, осымен бір мезгілде Израильдің Газа мен Иордан өзенінің батыс жағалауы және Ливанға қарсы қылмыстарын қайта бастағанына тоқталып, аймақ елдерінің ислам елдеріне қарсы басқыншылықтарының, аймақта қауіп-қатер мен бейберекеттіктің артуының алдын алу үшін көбірек ынтымақтастық және үйлесімділік жасауының маңыздылығын баса айтты.
Түркия СІМ Хакан Фидан Аббас Арақчимен телефон арқылы сұхбатта ирандық әріптесін Наурызбен және Жаңа жылмен құттықтап, Түркияның аймақ және халықаралық мәселелердің дипломатиялық шешім жолдарын табу үшін көмектесуге әзір екенін мәлімдеді.
Айта кетейік, Аббас Арақчи соңғы бірнеше күнде аймақ оқиғалары жайлы Арабстан мен Мысыр және Иордания Сыртқы істер министрлерімен де телефон арқылы пікір алмасты.












