Иран Сыртқы істер министрі Аббас Арақчи Қытайға ресми сапармен барады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Исмаил Бақайи Аббас Арақчидің Қытайға сапары туралы мәлімдеді.
Исмаил Бақайидың айтуынша, Иран Сыртқы істер министрі Аббас Арақчи Қытай Сыртқы істер министрі Ван Идің шақыруымен бүгін, дүйсенбі күні Шанхай ынтымақтастық ұйымы Сыртқы істер министрлерінің отырысына қатысу үшін Қытайға барады.
Иран Сыртқы істер министрі ШЫҰ Сыртқы істер министрлерінің отырысында сөз сөйлеп, елінің ұстанымын баяндайды.
Сонымен қатар, Аббас Арақчи Қытай Сыртқы істер министрі Ван И және отырысқа қатысушы бірқатар басқа да Сыртқы істер министрлерімен кездесіп, келіссөздер жүргізеді.
ШЫҰ Сыртқы істер министрлері кездесуінің негізгі күн тәртібі ШЫҰ мемлекет басшыларының алдағы саммитін үйлестіріп, дайындық барысын талқылау болып табылады.



















