Иран Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі сейіт Аббас Арақчи бүгін, сенбі күні елінің ресми делегациясын бастап, Ормұз бұғазы мәселесі бойынша Оман Сұлтандығына ресми сапармен келді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Иран Сыртқы істер министрі Сейед Аббас Аракчиді Маскатта Оманның ресми өкілдері қарсы алды.
Аббас Арақчидің Оман Сұлтандығына ресми сапарының мақсаты аймақтағы геосаяси жағдайлар мен Ормұз бұғазындағы кеме қатынасының қауіпсіздігін талқылау деп жарияланды.
Иран СІМ ресми өкілі Исмаил Бақаидің сөзіне қарағанда, бұл сапар Тегеран мен Маскат арасындағы аймақтық тұрақтылықты сақтау, әсіресе Ормұз бұғазындағы жағдайды реттеу жөніндегі тұрақты екіжақты кеңесулердің заңды жалғасы болып табылады.
Сапар барысында екі елдің Сыртқы істер министрлері Исламабад өзара түсіністік меморандумының 5-бабына сәйкес, бұғаз арқылы кемелердің қауіпсіз әрі кедергісіз өтуін қамтамасыз ететін тиісті құқықтық-техникалық тетіктерді реттеу мәселесін жан-жақты талқыламақ.
Америкалық «CBS News» және «Әл-Жазира», «Россия әл-Яйум» телеарналары таратқан мәліметтерге сүйенсек, келіссөздердің басты өзегі Иранның аумақтық сулары арқылы өтетін халықаралық теңіз дәліздері мен жүк тасымалы бағыттарына қатысты туындаған түсініспеушіліктерді шешуге негізделеді.
Бұл маңызды сапар Вашингтон мен Тегеран арасындағы келісімшарттық қарым-қатынас қайта шиеленіскен тұста ұйымдастырылды.
Халықаралық қысым мен санкциялық шиеленіс жағдайында Иран тарапы аймақтық қауіпсіздіктің күретамыры саналатын Ормұз бұғазындағы бақылауды күшейту және сенімді серіктесі Оманмен бірлесе отырып, транзиттік қауіпсіздік тетіктерін бекіту үшін осы дипломатиялық миссияға үміт артып отыр.












