Иран Сыртқы істер министрі Аббас Арақчи Snapback механизміне қатысты пікір білдіріп, Еуропаның механизмді іске қосуға құқығы жоқ екенін айтты.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Иран Сыртқы істер министрі Аббас Арақчи ИРНА агенттігінің “Дипломатиялық үстел” бағдарламасына берген сұхбатында мәлімдеді.
Аббас Арақчи Еуропаның үш елі Иранға қарсы Snapback механизмін жүзеге асырса, олардың ядролық келіссөздердегі орнын мәңгілікке жоғалтатынын баса айтты.
Иранның Сыртқы істер министрі қазіргі таңда еуропалық тараппен байланыстың келіссөздің нақты негіздерін анықтау кезеңінде екенін, алайда байыпты талқылауды бастау туралы келісімге әлі қол жеткізілмегенін мәлімдеді.
Арақчи Еуропаның үш елі “Ортақ қадам” жан-жақты бағдарламасының қатысушылары саналмайтынын, сондықтан олардың Snapback механизмін пайдалануға құқығы жоқ екенін атап айтты.
Аббас Арақчи: “Біз еуропалық тараппен келіссөз барысында олардың Snapback механизмін пайдалануға құқығы жоқ екенін айттық. АҚШ “Ортақ қадам” жан-жақты бағдарламасынан шыққаннан кейін олардың да бұл бағдарламадан шыққанын еске салдық.
Осылайша, олардың “Ортақ қадам” жан-жақты бағдарламасының қатысушылары болып саналмайтынын, Snapback механизмін енгізу құқығына тек қалған қатысушылар ие екенін айттық”, -деді.
Иран Сыртқы істер министрі 1929 қарардың өте қауіпті болғанын, алайда қазір күшінде тұрған 2231 қарардың қолайлы болғанымен, кейбір қақтығыстар мен санкцияларды тоқтата алмағанын айтып: “Қауіпсіздік кеңесі мен оның қарарлары олар үшін де, біз үшін де бұрынғыдай тиімсіз”,-деді.
Аббас Арақчи, Иран, Snapback, Еуропа














