Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Насер Канани Ресейдің Дағыстан Республикасында болған лаңкестік әрекеттерді қатаң айыптады.
Еуразия Тудейдің Иран СІМ сілтеме жасап хабарлауы бойынша Канани Иранның Дағыстан Республикасындағы Дарбанд және Махач-Кала қалаларындағы бірқатар адамның қаза болуы мен жарақат алуына соқтырған лаңкестік әрекеттерді айыптайтынын мәлімдеді.
Канани Ресей үкіметі мен халқына, әсіресе қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, жанашырлық білдіріп, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілеп, Иран Ислам Республикасы лаңкестіктің кез келген түрін адамзат қоғамы мен халықаралық қауіпсіздікке қауіп төндіретін қатер санайтынын айтып, жалпы адамзаттық осы қауіппен күресу үшін қоғамның байыпты шешім және тиімді талпыныс жасауы ігер қажеттігін баса айтты.












