Иран Сириядағы бейберекеттік пен тұрақсыздықты сионистік режимнің мүддесіне сай санайды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Иран Сыртқы істер министрінің Сирия істері бойынша арнайы өкілі Мохаммад Реза Рауф Шейбани Сирия қоғамының әртүрлі этникалық топтарының күнәсіз халқын қыруды айыптап, Иранның Сириядағы бейберекеттік пен тұрақсыздықты сионистік режимнің мүддесіне деп санайтынын айтты.
Иран Сыртқы істер министрінің Сирия істері бойынша арнайы өкілі Мохаммад Реза Рауф Шибани Х платформасындағы ресми аккаунтында Сириядағы жуырдағы оқиғаларға тоқталып: “Сирияның жағалау провинцияларындағы күнәсіз адамдарды қыру көлемі мен қатігездіктің күштілігі жан түршіктірерлік. Күнәсіз құрбандар мен олардың отбасыларына көңіл айтамыз. Ұлы Алладан оларға осы тауқіметке сабыр сақтауды тілейміз. Сирия қоғамындағы әртүрлі азшылық топтың күнәсіз халқына қарсы кез келген зорлық-зомбылық пен оларды қыруды айыптаймыз. Қылмыскерлер жауапқа тартылуы керек.
Аймақтың халқы мен әлемнің қоғамдық пікірі Сирияның уақытша Үкіметінен зорлық- зомбылықты тоқтатып, қылмыскерлер мен бастамашыларды соттап, жазалап, тиімді және байсалды әрекет етуді күтеді.
Иран Ислам Республикасы әрдайым Сирия аумағының тұтастығы мен тұрақтылығы және тыныштығының қорғаушысы болды. ИИР Сириядағы тұрақсыздық пен бейберекеттік сионистік режимнің мүддесіне сай әрі лаңкестік және әсірешіл топтардың теріс пайдалануына себеп болып, аймақтың бейбітшілігі мен тұрақтылығына қатер тудырады деп санайды”, — деп жазды.
.














