Иран Сот билігінің басшысы Ғолам Хоссейн Мохсени Эджеи Қатар Жоғарғы Сот Кеңесі басшысының шақыруымен осы елге бір күндік сапармен барады.
Еуразия Тудейдің Mehr ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Иран сот жүйесінің халықаралық істер жөніндегі орынбасары Казем Ғарибабади Иран Ислам Республикасының сот дипломатиясы мен басқа елдермен сот саласындағы қарым-қатынасын дамытуға сәйкес, ИИР Сот билігінің басшысы Ғолам Хоссейн Мохсени Эджеи Катар Жоғарғы Сот Кеңесі басшысының шақыруымен осы елге бір күндік сапармен баратынын мәлімдеді.
Ғарибабади осы сапардың жоспарларына тоқталып, Иран Ислам Республикасы Сот билігінің Катардағы сапарының негізгі жоспарларының қатарында Катар әмірі және осы елдің Жоғарғы сот кеңесінің басшысымен кездесуді, Катарда тұратын ирандықтардың жиынына қатысуды, сот саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою және келісім жасауды, екі ел арасындағы қылмыстық істер бойынша сот саласында көмек көрсетуді атады.
Ғарибабади сондай-ақ, сот дипломатиясы аясында елдің Жоғарғы соты мен бас прокуроры келесі аптада БРИКС елдерінің Жоғарғы сот басшылары мен прокурорларының отырысына жеке-жеке қатысатынын да хабарлады.












