Иран Ғарыш агенттігінің басшысы Иран биыл табысты ғарыш жылын өткергенін мәлімдеді.
Иран Ғарыш агенттігінің басшысы Саларие: «Биыл біз отандық және шетелдік көптеген ұшырылымдар тәжірибесімен табысты ғарыш жылын өткердік», — деп мәлімдеді.
Халықаралық салада «Союз» зымыран-тасығышымен екі сәтті операция жүзеге асырылды. Олардың қатарында «Нахид-2» жерсерігін ұшыру, «Зафар-2», «Пайя» және «Коусар» жерсеріктерінің үштік ұшырылымы ба, сонымен қатар, Қазақстанның «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Джам-е Джам-1» жерсерігі ұшырылды.
Отандық даму саласында зымыран-тасығыш технологияларын дамыту және елдің ғарыштық жүйешелерін жетілдіру мақсатында бірнеше маңызды суборбитальды ұшырылымдар сәтті өтті. Оның ішінде мына зымыран-тасығыштар бар: «Қасед», «Зулжанах», «Симорғ».
Жоспар бойынша, Иранда жылдың соңына дейін тағы бір жаңа ұшырылым жасалады. Бұл операцияның нақты уақыты жерсерік пен зымыран-тасығыштың үйлесімділік сынақтары толық аяқталып, дайындық кезеңдері өткеннен кейін ресми түрде жарияланады.












