Иран ұлттық валютасынан төрт нөлді алып тастады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша бұл туралы Иран Мәжілісінің Экономикалық комиссиясының басшысы Сейед Шамсуддин Хоссейни мәлімдеді.
Мәжілістің Экономикалық комиссиясының басшысы Сейед Шамсуддин Хоссейни ұлттық валютадан төрт нөлді алып тастау жобасы мақұлданғанын, бұл жаңа валютаның қазіргі валютаның 10 000 еселенген эквиваленті екенін білдіретінін айтты.
Сонымен, Иранның ұлттық валютасы «риал» атауын сақтай отырып, жаңа әдіспен айқындалады: әрбір жаңа риал қолданыстағы 10 000 риалдың баламасы болады.
Қажар билігі кезіндегі «қыран» деп аталатын шағын ақша бірлігі де бекітілді. Әрбір жаңа риал 100 қыранға тең болады.
Айта кетейік, Иранның ұлттық валютасынан нөлді алып тастау мәселесі алғаш рет 1990 жылдан бері Акбар Хашеми Рафсанджани президенттігі кезінде көтерілгенімен тек ұсыныс ретінде қалды.
Махмуд Ахмадинежадтың билігі кезінде бұл мәселе шынайырақ сипатқа ие болып, сол кездегі Орталық банк төрағасы Махмуд Бахманиге алдын ала зерттеулер жүргізу тапсырылды. Дегенмен, бұл жоба экономикалық қиын жағдайлармен бетпе бет келіп, тоқтап қалды.












