Иран Сыртқы істер министрінің орынбасары Маджид Тахт Раванчи Иранның ядролық қызметін, соның ішінде уран байытуды тоқтатпайтынын қуаттады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Иран Сыртқы істер министрінің орынбасары Маджид Тахт Раванчи АҚШ-тың Иранның ядролық нысандарына жасаған соққысын әшкере басқыншылық және қылмыс деп атап, елдің бейбіт мақсаттағы ядролық бағдарламасының тоқтатылмайтынын қуаттады.
Тахт Раванчи жексенбі күні неміс ARD телеарнасына берген сұхбатында Иранның ядролық жұмыстарын, соның ішінде уран байытуды тоқтату идеясын жоққа шығарды.
Ол Иранның ядролық бағдарламасын толығымен тоқтату туралы үндеулерді қабылдамай: «Біз Ядролық қаруды таратпау туралы келісімге (ЯҚҚТ) табандымыз», — деді.
Ол «Bericht aus Berlin» бағдарламасында: «Иран осы негізде бейбіт мақсаттағы ядролық энергия үшін уран байытып жатыр», — деді.
Тахт-Раванчи: «Ядролық қаруды таратпау туралы шарттың аясында болғанда бізге не істеу керек және не істемеу керек екенін ешкім айта алмайды», — деді












