Иран 2025 жылы Жапонияда өтетін EXPO көрмесіне қатыспайды.
Еуразия Тудейдің ИРНА агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Иран Үкіметінің баспасөз хатшысы Фатеме Моһаджерани Жапонияда өтетін ЭКСПО көрмесіне қатысу шарттары мен онымен байланысты шектеулерді жан-жақты ішкі талдаудан кейін көрмеге қатысудан бас тарту туралы шешім қабылданғанын мәлімдеді.
Сонымен қатар, аталмыш көрмеге байланысты Мохаммад Садек Қанадзаде ИРНА агенттігінің экономикалық шолушысына берген сұхбатында Иранның көрмеге қатысуды жоспарлағанын, алайда Жапония тарапынан ынтымақтастықтың және инфрақұрылымның дайын болмауына байланысты бас тартқанын айтты.
Тақырыпқа орай:
EXPO 2025 Osaka — әр 5 жыл сайын өтетін әлемдік деңгейдегі көрме.
EXPO 2025 көрмесі 2025 жылдың сәуір айының 13 күні ресми түрде ашылып, 13 қазанға дейін жалғасады. Ұйымдастырушылардың болжамы бойынша, көрмеге әлемнің 150 елінен 28 миллионнан астам адам келеді деп күтілуде.
Көрме Осакадағы Юмешима жасанды аралында өтеді.










