Иранның саяси-қауіпсіздік саласындағы жоғары лауазымды өкілі Иран тарапынан зымыран ату үдерісі біртіндеп күшейтілетінін мәлімдеді.
Еуразия Бүгін агенттігінің хабарлауы бойынша бұл туралы ирандық жауапты тұлға Al Mayadeen телеарнасына берген сұхбатында айтып: «Зымыран атуды біртіндеп арттыру үдерісі бүкіл аймақтағы жаудың мүдделеріне қарсы «Қарсыласу өсі» операцияларының екі есеге көбеюімен қатар жүреді.
Иранның өте қуатты әрі заманауи арсеналы жауды қапы қалдыратын болады. Әсіресе, «12 күндік соғыс» тәжірибемізді қолдану арқылы соққы береміз», — деп баса айтты.












