Иранның зымырандармен жасаған соққыларынан кейін Израильдің газ өндірісі тоқтады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Израильдің Yedioth Ahronoth басылымы мен 12-ші телеарнасы мәлімдеді.
Мәліметке сәйкес, Израильдің Левиафан және Кариш газ кен орындарындағы жұмыстар толық тоқтатылған.
Бұған Иранның зымырандар және ұшқышсыз ұшу аппараттарынан төнген қаупі себеп болды. Осыған байланысты компаниялар қызметкерлерді эвакуациялап, газ бұрғылау және өндіру жұмыстарын тоқтату туралы шешім қабылдады.












