Иранда Азиядағы ең үлкен тұзды көл Урмия жоғалып кетті.
Еуразия Тудейдің Телеграмдағы Bild арнасына сілтеме жасап хабарлауы бойынша Иранда Азиядағы ең үлкен тұзды көл Урмия көлі толығымен құрғады. Оның пайда болғанынан 4000 жылдан астам уақыт өткен. Иранның солтүстік-батысында орналасқан Урумияның көлемі Констанс көлінен он есе үлкен болған. 1980 жылдары оның ұзындығы 140 шақырым, ені 55 шақырым болғанымен, бірақ 2025 жылдың жазына қарай жерсеріктен түсірілген суреттерге сәйкес көлден құрғақ түбі мен бірнеше шалшық қана қалған.
Экологтар мен ирандық оппозициялық ақпарат құралдары Урмия көлінің жоғалып кетуін Үкіметтің қолдан жасаған апаты санайды. Мәліметтерге сәйкес, Иранда миллионнан астам заңсыз ұңғыма бар, олар жылдар бойы жер асты суларын тауысқан.
Жағдайды ауыл шаруашылығы ушықтырып жіберді. Ауыл шаруашылығы Иранда су ресурстарының 88 пайызын тұтынады, бірақ оның жалпы ішкі өнімінің 10 пайызға жуығын ғана береді. Соның салдарынан осы елде жыл сайын табиғи көздер толтыра алатын судан 43 миллион текше метр артық тұтынылады.
Президент Масуд Пезешкиан биыл шілде айында «Тегеранда шынымен де су жоқ» деп мойындады. Оның айтуынша, билік тіпті 15 миллионнан астам адам тұратын астананы басқа қалаған көшіруді қарастыруда.
Урмияның жойылып кетуі жүздеген мың адамның өміріне әсер етті. Бүгінде аймақ топырақты бұзып, ауыл шаруашылығы үшін төзгісіз тұзды дауылдардан зардап шегуде.












