Иранда міндетті хиджаб заңы күшін жойғандықтан оны кимесе ешқандай айыппұл салынбайды немесе құқықтық салдары болмайды.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша бұл туралы Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының мүшесі Мохаммадреза Баһонар мәлімдеді.
Жүйе мүддесін анықтау алқасының мүшесі Мохаммадреза Баһонар «Хабар Онлайн» арнасында өткен баспасөз мәслихатында: «Қазіргі уақытта хиджабқа қатысты міндеттейтін заң жоқ. Егер бір жерден осы шешімге қайшы бұзушылық немесе айыппұл салынғанын көрсеңіз, бұл туралы 110 нөміріне (полицияға) хабарлауға болады»,- деді.












