Иранның Ұлттық қауіпсіздік министрлігі осы Моссадтың 21 жалдамалысы мен 4 қарулы қылмыскерді тұтқындады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Иранның Ұлттық қауіпсіздік министрлігі Керман останында Моссадпен байланысты 21 жалдамалы мен қарулы қылмыстық топтардың 4 мүшесін анықтап, тұтқындағанын хабарлады.
Иран Ұлттық қауіпсіздік министрлігі өз мәлімдемесінде: «Керман останындағы Ұлттық қауіпсіздік басқармасының жедел-барлау шаралары нәтижесінде сионистік режимнің (Моссад) тыңшылық және лаңкестік қызметімен байланысты 21 жалдамалы анықталып, тұтқындалды», — деп хабарлады.
Иранның Ұлттық қауіпсіздік қызметкерлері сонымен қатар аталған облыс аумағында 4 қарулы қылмыскерді анықтап, тұтқындады. Олардан бірқатар қару-жарақ, жауынгерлік және аңшылық оқ-дәрі тәркіленді.
Aйта кету керек, тыңшылар Иранның әскери және әуе қорғанысы салаларындағы аса маңызды әрі құпия нысандар туралы ақпарат жинап, оны аталған қызметке жіберіп отырған.
Бұл қылмыскерлер лаңкестік топтармен келісе отырып, өңірдегі белгілі тұлғалар мен инфрақұрылымдық және құрылыс жобаларының инженерлерін кепілге алып, кейін ол адамдарды шекараның арғы бетіндегі террористік топтарға тапсырып отырған.












