Иранның «Қасем Басир” атты қатты отынды ең жаңа баллистикалық зымыраны таныстырылды.
«Қасем Басир» баллистикалық зымыраны кем дегенде 1200 шақырым қашықтыққа жетеді.
Оқтұмсық конструкциясына енгізілген өзгерістерімен «Қасем Басир» зымыранға қарсы қорғаныс жүйелерін айналып өтуге және маневр жасауға қабілетті.
Бұл зымыран жылдам тасымалдау саласындағы озық мүмкіндіктерімен және нысанаға алудың жоғары дәлдігімен Иранның қорғаныс саласындағы маңызды жетістікке айналды.
«Қасем Басир» зымыранын сынақтан өткізудегі бұл жетістік Иранның әскери және қорғаныс қабілетін нығайтудағы маңызды қадам саналады.












