Иранның Бас консулдығы осы елдің Ұлттық күні мен Ислам Революциясы жеңісінің 45 жылдығына орай 2024 жылғы 9 ақпан, жұма күні кешке Алматыда салтанатты іс-шара өткізді.
Қонақтардың қатарында Алматы қаласындағы шетелдік дипломатиялық өкілдіктердің, соның ішінде консулдықтардың өкілдері, журналистер, ирантанушылар, парсы тілінің оқытушылары, араб тілінің оқытушылары, аудармашылар, кітапханалардың қызметкерлері болды.
Фағани жиында сөйлеген сөзінде Иранның санкциялар мен шетелдік қысымдарға қарамастан ғылыми, экономикалық, технология, нанотехнология, ауылшаруашылығы, өнеркәсіп сияқты әртүрлі салада жетістіктерге қол жеткізгенін мақтанышпен мәлімдеп, көптеген салада өз өнімдерін экспорттай алатын әлеуеті бар екенін, көршілес елдермен, әсіресе Қазақстанмен серіктестікті арттырып, тереңдетуге әзірлігін қуаттады.
Шараға ҚР Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы Өкілдік Басшысы Бөлегенов Бақытжан қатысты.
Қонақтардың назарына Иран қолөнер көрмесі ұсынылды. Сонымен қатар Иран бизнесмендерінің экспортқа шығаратын бірқатар өнімі де жұртшылық көріп, дәмін татуы үшін тегін таратылды.
Ресми бөлімнен кейін ирандық әнші парсы тілінде бірнеше ән орындады.
Биыл Иран ислам революциясының жеңісіне 45 жыл толды. Иран күнтізбесінде бұл күн Ұлттық мереке ретінде тіркелген.












