Иран Президенті Масуд Пезешкиан Иранның 16 көршісі бар ел ретінде санкцияларға ұшырай алмайтынын айтты.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, бұл туралы Президент Пезешкиан дүйсенбі күні өткен салтанатты шара барысында мәлімдеді.
Масуд Пезешкиан: “Егер біз көршілерімізбен қарым-қатынасты тиімді құра білсек, сыртқы қысымға қарсы тұра аламыз”, – деді.
Президент еліне қарсы жасалған 12 күндік соғыс пен халықтың Иран Ислам Республикасын қолдауы жайлы айтып: “Басқыншылар өз ерік-жігерін басқаларға таңуға тырысатын әлемде халыққа деген сенім бізге күш пен мүмкіндік береді”, – деді.
Иран Президенті сөзінің жалғасында әкімшіліктің, әсіресе энергетика саласындағы теңгерімсіздікті жоюға бағытталған күш-жігерін атап айтты.
Президенттің айтуынша, елінде күн электр станцияларын салуда айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілген. Электр станцияларының отын қоры өткен жылмен салыстырғанда едәуір жақсы жағдайда.
Масуд Пезешкиан, Санкция, Көрші ел, Иран, Халық












