Иранның Бандар-Аббас қаласындағы Шәһид Раджайи айлағында бүгін қатты жарылыс болды.
Еуразия Тудейдің «Асре Иран» сайтындағы мәліметке сілтеме жасап хабарлауы бойынша жарылыс қарқындылығының қатты болғаны соншалық, оның толқыны үлкен радиусқа таралды.
Салдарынан көптеген көлікке нұқсан келіп, оқиға орнына жақын орналасқан кеңсе ғимараттары да зардап шекті. Жарылыстан шыққан түтін Бандар-Аббас қаласының барлық жерінен көрінді.
Жарылыстың себебі әлі жарияланған жоқ.
IRIB тілшісі жарылыстың аммиак цистернасынан болмағанын, контейнерден болғанын, бірақ контейнердің ішінде не болғаны әлі белгісіз екенін хабарлады.
Иранның мұнай өңдеу және тарату Ұлттық компаниясы Шаһид Раджайи портындағы жарылыстың сол аймақтағы компаниямен байланысты мұнай өңдеу зауыттары, жанармай цистерналары, тарату кешені және мұнай құбырларына қатысы жоқ екенін, Бандар-Аббас аймағында орналасқан нысандардың қазіргі уақытта үзіліссіз жұмыс істеп жатқанын хабарлады.
Etemad Online агенттігінің хабарлауы бойынша Jerusalem Post Израиль армиясының Бандар-Аббастағы жарылысқа қатысын жоққа шығарғанын жазды.












