Иранның ЕАЭО-қа мүше елдерге экспорты бірінші тоқсанда 22 пайызға өсті.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Иранның Сауданы дамыту ұйымының өкілі Илһам Хаджи Карими Иран күнтізбесі бойынша ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында елдің Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдеріне экспорты 22 пайызға өскенін айтты.
Илһам Хаджи Карими Иран мен Еуразиялық экономикалық одақ арасындағы Еркін сауда туралы келісімнің тиімділігіне тоқталып, келісімнің 2025 жылдың 15 мамырында күшіне енгенін еске салды.
Хаджи Карими екі тараптың да бұл келісімді ұзақ уақыт бойы күткенін айтып, Иран мен ЕАЭО-қа мүше мемлекеттер болашақта екіжақты сауданы дамытуға үлес қосатынын қуаттады.
Хаджи Карими: “Иран ЕАЭО-қа мүше мемлекеттерге 2025 жылдың 21 наурызы мен 22 маусым аралығында құны 532 миллион доллар көлемінде мұнайға жатпайтын тауарларды экспорттады.
Иран мен Еуразиялық экономикалық одақ арасындағы сауда жағдайын статистикалық зерттеу екі тарап арасында перспективалы ынтымақтастықтың басталғанын көрсетеді”, -деді.
Хаджи Каримидің айтуынша, Иран өнімдерінің максималды көлемі Ресей Федерациясы мен Армения Республикасына экспортталған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 33 және 28 пайызға артық.












