Ислам Республикасының Ливандағы Елшісі Иран Сыртқы істер министрі Аббас Арақчимен кездесіп, келіссөз жүргізді.
Еуразия Тудейдің ИРНА агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Моджтаба Амани өзінің қызметіне қайта оралмас бұрын сейсенбі күні Аббас Арақчимен кездесті.
Иранның Ливандағы Елшісі Моджтаба Амани Иранның СІМ басшысымен Ливандағы пейджерлердің жаппай жарылуынан алған жарақатынан кейін ресми түрде алғаш рет кездесіп отыр.
Бейрут қаласындағы пейджерлер жарылысынан жарақат алған Иран Ислам Республикасының Елшісі ем алуға Тегеранға жеткізілген болатын. Моджтаба Амани денсаулығы қалпына келгеннен кейін Бейрутқа қайта қызметіне оралуда.
Еске сала кетейік, 17 қыркүйек күні Ливанда пейджерлер жаппай жарылған болатын. Пейджерлер жарылысынан Иранның Ливандағы Eлшісі Моджтаба Амани де жарақат алды.
Қараша айында Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Ливандағы Хезболла қозғалысының пейджерлері мен байланыс құрылғыларының жарылыстарына қатысы барын мойындады.














