Тегеранда кеше, жексенбі күні Ибраһим Раисидің қайтыс болғанына бір жыл толуына орай шара Президент Масуд Пезешкианның қатысуымен өтті.
Ибраһим Раиси мінген тікұшақ 19 мамыр күні апатқа ұшырады. Тікұшақ ішінде Ибраһим Раисимен бірге осы елдің СІМ басшысы Хоссейн Амир Абдуллаһиан, Шығыс Әзірбайжан губернаторы Малек Рахмати, Табриз қаласының жұма намазының имамы аятолла Мохаммад Әли әл Хашем, Президенттің қауіпсіздік бөлімшесінің қолбасшысы Сейед Маһди Мусави және тікұшақтың басқа да экипаж мүшелері болды. Тікұшақ бортында болған сегіз адамның барлығы қаза тапты.























Discussion about this post