Иранның мұнай өндірісі Сауд Арабиясы, БАӘ, Ирак және Кувейтпен салыстырғанда әлдеқайда аз төмендеді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Bloomberg-тің жаңа статистикасына сәйкес, сионистік-америкалық коалицияның Иранға жасаған шабуылынан кейін мұнай өндірісінің құлдырауы бойынша Ирак 63%, Кувейт 69 пайызбен көш бастап тұр.
Трамп Иранның мұнай сатуына тосқауыл қойып, өндірісті азайтуға мәжбүрлеу үшін Иран порттарын теңіз арқылы қоршауға алғанына қазіргі таңда отыз күнге таяды. Трамп осы уақытқа дейін «мұнай сақтайтын орынның жоқтығынан Иранның құбырлары іштен жарылады» деп екі рет уәде бергенімен, әзірге мұндай жағдай болған жоқ.
Bloomberg мәліметтері Сауд Арабиясының мұнай өндірісі 29%-ға, Біріккен Араб Әмірліктерінікі 40%-ға қысқарғанын, ал Иранның мұнай өндірісі небәрі 11%-ға ғана төмендегенін көрсетіп отыр.












