Иран ислам революциясының жетекшісі халқына жүйені қолдаған жиындарға ауқымды қатысуына ризашылық білдірді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Иран Ислам революциясының Көшбасшысы кеше 12 қаңтар күнгі еліндегі ауқымды жиындардан кейін Иран халқына алғыс жолдап, баршаға Алла Тағаланың Өз рақымын жаудыруды тіледі.
Ислам революциясының Көшбасшысы хазірет аятолла Хаменеи кешегі ауқымды жиындардағы айбынды Иран халқының жасаған ұлы ісі мен тарихи күніне ризашылық білдіріп, өз жолдауында былай деп баса айтты: «Иран халқы өз қайраты мен болмысын дұшпандарға көрсетті. Бұл Америка саясаткерлеріне алаяқтықты тоқтатуы және сатқын жалдамалыларға сенбеу керек екендігі туралы ескерту болды».
Ислам революциясы жетекшісінің Иран халқына арнаған жолдауының мәтіні төмендегідей:
Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын!
Айбынды Иран халқы! Бүгін сіздер ұлы іс атқарып, тарихи күн жасадыңыздар. Нық сенімге толы ауқымды жиындар ішкі жалдамалылар арқылы жүзеге асырылмақ болған сыртқы дұшпандардың жоспарын тас-талқан етті.
Ұлы Иран халқы өз қайраты мен болмысын дұшпандарға көрсетті. Бұл Америка саясаткерлеріне өз алаяқтықтарын тоқтатуы және сатқын жалдамалыларға арқа сүйемеуі туралы ескерту болды.
Иран халқы қуатты әрі айбынды, саналы, әрі дұшпанын тани біледі және барлық жағдайда алаңдарда құзырға ие.
Алла Тағала баршаңызға рақымын жаудырсын!














