Палестина қарсыласу қозғалысы Хамас саяси кеңсесінің басшысы Исмаил Ханияны ақтық сапарға шығарып салу рәсімі ертең Тегеранда өтеді.
Еуразия Тудейдің хабарлауынша, Палестина қарсыласу қозғалысы Хамастың саяси бюросының саяси жетекшісі Исмаил Ханияны ақтық сапарға шығарып салу рәсімі ертең таңертеңгі сағат 8-де Иран астанасындағы Тегеран университетінен басталып, осы қаланың орталығындағы Азади алаңына қарай жалғасады.
Жаңадан сайланған президент Масуд Пезешкианнің инаугурациясына қатысу үшін Иранға келген Хамастың саяси жетекшісі Исмаил Хания Теһранның солтүстігіндегі соғыс ардагерлеріне арналған арнайы резиденциялардың бірінде түнгі сағат екілер шамасында әуеден атылған снарядтан қаза тапты.
Айта кетейік, Ислам революциясы Сақшылар корпусының жалпы қоғаммен байланыс бөлімі бүгін таңертең мәлімдеме жасап, Хамас саяси кеңсесінің жетекшісі Исмаил Хания мен оның бір оққағары Теһрандағы резиденцияда әуеден атылған оқ салдарынан қайтыс болғанын хабарлады.
Хания 2017 жылдан бері Хамас саяси кеңсесінің жетекшісі қызметін атқарды. Ол соңғы жылдары Қатарда тұрды.












