Италияда смартфондар мен планшеттерді пайдалану жөнінде жаңа ереже қабылданды.
Wanted in Rome басылымының хабарлауынша, елдің білім министрі Джузеппе Вальдитара жаңа ережеге сәйкес елдегі балабақшалар мен мектептерде смартфондар мен планшеттерді пайдалануға болмайтынын мәлімдеді.
Джузеппе Вальдитараның мәлімдеуінше, балалардың смартфондар мен планшеттерді пайдалануы ойды жинақтауға кедергі келтіреді. Сонымен қатар, Италия білім министрі ұялы телефонның мектеп оқушыларының оқу үлгерімі мен оқу үдерісіне кері әсер ететінін айтады.
Италияда қабылданған бұл жаңа ереже ЮНЕСКО-ның бүкіл әлем бойынша мектептерде смартфондарды пайдалануға байланысты тыйым салу туралы үндеуінен кейін қабылданды.
Франция, Италия және Португалия мектептерінде де ұялы телефонды пайдалануға тыйым салынған.
Елімізде де жуырда сабақта ұялы телефонды пайдалануды шектейтін заңға қол қойылды.












