Eurasiatoday
Воскресенье, 22 ноября, 2026
KG | RU | KZ
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Орталық Азия
    • Қырғызстан
    • Қазақстан
    • Өзбекстан
    • Тәжікстан
    • Түркіменстан
  • Әлем
    • Америка
    • Европа
    • Азия
    • Батыс Азия
    • Россия
  • Мәдениет
  • Туризм
  • Ғылым
  • Дiн
  • Спорт
  • Біз туралы
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Орталық Азия
    • Қырғызстан
    • Қазақстан
    • Өзбекстан
    • Тәжікстан
    • Түркіменстан
  • Әлем
    • Америка
    • Европа
    • Азия
    • Батыс Азия
    • Россия
  • Мәдениет
  • Туризм
  • Ғылым
  • Дiн
  • Спорт
  • Біз туралы
No Result
View All Result
Eurasiatoday
KG | RU | KZ
No Result
View All Result

Израиль «Ас-Сумуд» флотилиясының белсенділерін азаптағаны үшін әлемдік қауымдастықтың қатаң сынына ұшырады

  • Әлем, Батыс Азия, Европа, Саясат
  • 21 мая, 2026 10:17

Loading

Израильдің Ұлттық қауіпсіздік министрі Итамар Бен-Гвирдің Палестинаны жақтаушы «Ас-Сумуд» («Global Sumud») флотилиясының ұсталған белсенділеріне көрсеткен қарым-қатынасы халықаралық деңгейде үлкен дау тудырды. Оның бұл әрекетін Еуропалық Одақ пен Америка Құрама Штаттары қатаң айыптады.

Халықаралық реакция және шет елдердің мәлімдемелері

Министрдің әлеуметтік желіде жариялаған бейнежазбасынан кейін батыс елдері жаппай наразылық білдірді. Кеше, сәрсенбі, 20 мамыр күні бірнеше мемлекет Израиль елшілерін шақыртып, түсініктеме талап етті.

Тақырыпқа орай:

Йемен Сауд Арабиясының порттарына шабуыл жасай алады

Йемен Сауд Арабиясының порттарына шабуыл жасай алады

21.11.2026

АҚШ: Демократ-сенатор Джефф Меркли бейсенбі күні таңертең өзінің Facebook парақшасында: «Бен-Гвирдің қамаудағыларға қарым-қатынасы жиіркенішті және адамгершілікке жатпайды. Ғазадағы қираған қоғам мен шарасыз отбасылардың суреттерін көргенде, халықтың неліктен әрекет етуге шақырылып жатқанын түсінеміз», — деп жазды.

Германия: «Spiegel» басылымының мәліметінше, Германия Сыртқы істер министрі Йоханн Вадефул ұсталған белсенділерге қатыгездік танытуды мүлдем қабылданбайтын әрекет деп атады.

Польша: Сыртқы істер министрі Радослав Сикорский X (бұрынғы Twitter) желісінде ұсталғандардың арасында Польша азаматтары да бар екенін айтып, шұғыл мәлімдеме жасады: «Ешқандай қылмыс жасамаған Польша азаматтарына бұлай қарауға болмайды. Демократиялық әлемде тұтқындарды қинау, мазақ етіп табалау — қалыпты жағдай емес. Біз азаматтарымыз үшін әділдікті және бұл әрекеттің тиісті салдары болуын талап етеміз».

Франция: Сыртқы істер министрі Жан-Ноэль Барро Израиль елшісін министрлікке шақыртып, наразылық нотасын табыстады. Ол өз сөзінде: «Министр Бен-Гвир мырзаның бұл іс-әрекетін тіпті Израиль үкіметіндегі өз әріптестері де айыптады. Бұл мүлдем қабылданбайды», — деді.

Сондай-ақ, Нидерланды, Италия, Канада, Бельгия және Португалия билігі Израиль елшілерін шақыртса, Испания өзінің сенімді өкілі арқылы наразылық білдірді.

Даудың басы неден басталды?

Шулы бейнежазбаны Итамар Бен-Гвир X платформасындағы парақшасында жариялады. Видеода Ғаза секторына бет алған жерінде Израиль әскери-теңіз күштері тарапынан ұсталған «Сумуд» гуманитарлық флотилиясының мүшелері көрсетілген. Белсенділерді Ашдод айлағында қолдарын артына байлап, бастарын жерге игізіп, тізерлетіп қойған. Министр Бен-Гвирдің олардың арасында Израиль туын ұстап жүріп, еврей тілінде: «Израильге қош келдіңдер! Мұнда біз қожайынбыз!» деп айқайлағаны таспаға түскен.

«Сумуд» флотилиясы туралы анықтама

Бүкіләлемдік «Сумуд» флотилиясы (немесе Бүкіләлемдік бостандық флотилиясы) — Ғаза секторындағы Израиль тарапынан енгізілген қоршауды бұзып өтуді мақсат еткен халықаралық теңіз бастамасы.

Бұл гуманитарлық миссия 2025 жылдың шілде айында «Бостандық флотилиясы» коалициясы, «Ғазаға бүкіләлемдік жорық» және басқа да бірнеше қоғамдық ұйымдардың бірігуімен құрылған. Флотилия құрамында 44-тен астам елдің 500-ден астам белсендісі бар 40-қа жуық кеме жұмылдырылған. Бұл тарихтағы ең ірі азаматтық гуманитарлық конвой болып табылады.

FacebookTwitterWhatsApp
Подпишитесь и получайте новости первыми​
FACEBOOK
INSTAGRAM
YOUTUBE

Ұқсас жаңалықтар

Йемен Сауд Арабиясының порттарына шабуыл жасай алады

Йемен Сауд Арабиясының порттарына шабуыл жасай алады

21.11.2026
Тәжікстан мен Иран су үнемдеу технологияларын енгізу перспективаларын талқылады

Тәжікстан мен Иран су үнемдеу технологияларын енгізу перспективаларын талқылады

21.11.2026
Шэньчжэньдегі АТЭС саммитіндегі жетекші державалар көшбасшыларының кездесуі әлемнің назарын аударды

Шэньчжэньдегі АТЭС саммитіндегі жетекші державалар көшбасшыларының кездесуі әлемнің назарын аударды

21.11.2026
АҚШ Сингапур мен Малайзияға Иранға салынған санкцияларға қатысты ескерту жасады

АҚШ Сингапур мен Малайзияға Иранға салынған санкцияларға қатысты ескерту жасады

21.11.2026
Язан Абуши: Израиль табиғатты қорғау сылтауымен саясат жүргізіп отыр

Язан Абуши: Израиль табиғатты қорғау сылтауымен саясат жүргізіп отыр

21.11.2026
Сақшылар корпусы Бас қолбасшының географиялық шектеусіз бұйрығын орындауға толық дайын

Сақшылар корпусы Бас қолбасшының географиялық шектеусіз бұйрығын орындауға толық дайын

20.11.2026
Бақайи: Химиялық қару жасау белгілері бар деген мәлімдеме — ескі тәсілдің қайталануы

Бақайи: Химиялық қару жасау белгілері бар деген мәлімдеме — ескі тәсілдің қайталануы

20.11.2026
ҰҚШҰ  — БҰҰ-ның лаңкестікпен күрестегі маңызды стратегиялық серіктесі

ҰҚШҰ  — БҰҰ-ның лаңкестікпен күрестегі маңызды стратегиялық серіктесі

20.11.2026
Трамп Иранға қарсы соғыс ашуға асықпайтынын мәлімдеді

Трамп Иранға қарсы соғыс ашуға асықпайтынын мәлімдеді

20.11.2026

Басты жаңалықтар

Тәжікстан мен Иран су үнемдеу технологияларын енгізу перспективаларын талқылады

Тәжікстан мен Иран су үнемдеу технологияларын енгізу перспективаларын талқылады

21.11.2026
Шэньчжэньдегі АТЭС саммитіндегі жетекші державалар көшбасшыларының кездесуі әлемнің назарын аударды

Шэньчжэньдегі АТЭС саммитіндегі жетекші державалар көшбасшыларының кездесуі әлемнің назарын аударды

21.11.2026
Бақайи: Химиялық қару жасау белгілері бар деген мәлімдеме — ескі тәсілдің қайталануы

Бақайи: Химиялық қару жасау белгілері бар деген мәлімдеме — ескі тәсілдің қайталануы

20.11.2026
Трамп Иранға қарсы соғыс ашуға асықпайтынын мәлімдеді

Трамп Иранға қарсы соғыс ашуға асықпайтынын мәлімдеді

20.11.2026
БҰҰ Халықаралық соты Мьянманы рохинджа халқына қарсы геноцид жасады деп таныды

БҰҰ Халықаралық соты Мьянманы рохинджа халқына қарсы геноцид жасады деп таныды

20.11.2026
Батыс Ресей, Қытай және АҚШ көшбасшыларының саммитіне баға берді

Батыс Ресей, Қытай және АҚШ көшбасшыларының саммитіне баға берді

20.11.2026

Валюта бағамы

Экономика

Йемен Сауд Арабиясының порттарына шабуыл жасай алады

Йемен Сауд Арабиясының порттарына шабуыл жасай алады

21.11.2026
Тәжікстан мен Иран су үнемдеу технологияларын енгізу перспективаларын талқылады

Тәжікстан мен Иран су үнемдеу технологияларын енгізу перспективаларын талқылады

21.11.2026
АҚШ Сингапур мен Малайзияға Иранға салынған санкцияларға қатысты ескерту жасады

АҚШ Сингапур мен Малайзияға Иранға салынған санкцияларға қатысты ескерту жасады

21.11.2026
Язан Абуши: Израиль табиғатты қорғау сылтауымен саясат жүргізіп отыр

Язан Абуши: Израиль табиғатты қорғау сылтауымен саясат жүргізіп отыр

21.11.2026
Демократ сенатор Адам Шифф АҚШ-тың қаржы шығыны артқанын мәлімдеді

Демократ сенатор Адам Шифф АҚШ-тың қаржы шығыны артқанын мәлімдеді

20.11.2026
БҰҰ Халықаралық соты Мьянманы рохинджа халқына қарсы геноцид жасады деп таныды

БҰҰ Халықаралық соты Мьянманы рохинджа халқына қарсы геноцид жасады деп таныды

20.11.2026

Eurasia Today

Біздің серіктестер

Slide 1
Slide 2
Next Post
Пезешкиан: Дипломатиялық кеңесті жалғастыру — маңызды

Пезешкиан: Дипломатиялық кеңесті жалғастыру — маңызды

  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Мәдениет
  • Орталық Азия
  • Ғылым
  • Туризм
  • Дiн
  • Спорт
  • Сурет
  • Бейне
© 2023 Eurasiatoday.
Барлық құқықтар сақталған.
Сайттың ескі нұсқасы

«EURASIA TODAY» сайтындағы материалдарды қайта басып шығару және көшіруге тек дереккөзге сілтеме жасаған жағдайда ғана рұқсат етіледі. Мәтіндік, фото, аудио және бейне материалдарды пайдалану тек авторлық құқық иесінің келісімі арқылы ғана мүмкін болады.