Израиль осы аптада Газадағы бітімгершілік келісімі бойынша келіссөздерді жалғастыру үшін Қатар астанасы Дохаға делегация жіберу туралы шешім қабылдады.
Синьхуа агенттігінің хабарлауы бойынша, бұл туралы Израильдің Қауіпсіздік кабинеті сенбі күні мәлімдеді. Сонымен қатар, жексенбі күні Мысырдың Аl-Qahira News телеарнасы Газадағы бітімгершілік туралы келіссөздер Мысыр мен Қатарда өтетінін хабарлады.
Мәліметтерге қарағанда, Доха мен Каирдегі келіссөздер Газа секторында бітімгершілік келісіміне қол жеткізуге және палестиналық тұтқындар мен израильдік кепілге алынған адамдарды алмасуды жүзеге асыруға бағытталған.
Доха мен Каирдегі кездесулер Мысыр, Қатар, АҚШ және Израиль сарапшыларының, сондай-ақ ХАМАС тобы делегациясының қатысуымен 23 және 24 ақпанда Парижде өткен кездесудің жалғасы негізінде өтеді деп жоспарлануда.
Газа Денсаулық сақтау министрлігінің жексенбі күні жариялаған соңғы мәліметтеріне сәйкес, 7 қазаннан бері бұл аймақта 29 692 адам қаза тауып, 69 879 адам жарақат алды.












