Израиль Иранға шабуыл жасады.
Бүгін, ақпанның 28 күні, жарты сағат бұрын Иран астанасы Тегеранның орталық көшелерінде үш дүркін қатты жарылыстың үні естіліп, қою түтін көрінді.
Mehr агентігінің хабарлауынша, бірнеше зымыран Данешгаһ көшесіне және Тегеранның орталық алаңы Джумһури ауданына құлаған. Иран басшыларының резиденциясы Саадабад сарайы жақын жерде орналасқан.
Иран Азаматтық авиация ұйымының өкілі Маджид Ахаван елдің бүкіл әуе кеңістігі 6 сағатқа жабылғанын хабарлады.
Mehr ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Исфаһан, Қум және Лорестан қалаларында да жарылыс дыбыстары естілген.
Тегерандағы нысанаға алынған орталықтар:
Барлау министрлігі
Қорғаныс министрлігі
Басшылық штабы
Атом энергиясы агенттігі
Парчин
The New York Times газеті америкалық жауапты тұлғаның сөзіне сілтеме жасап, Таяу Шығыстағы базалардан және ұшақ тасығыш кемеден ондаған АҚШ әуе шабуылы жасалғанын хабарлады.
Израильдің 12-арнасы осы режимнің Иранға алдын ала шабуыл жасағанын хабарлап, оны Израиль-Американың бірлескен операциясы деп сипаттады.
Шабуыл жасалғанын Соғыс министрі Исраэль Кац та растады.
Израиль әуежайларының басқармасы Көлік министрінің Израиль әуе кеңістігін азаматтық рейстері үшін жапқанын хабарлады.












