Израил бүгін таңертең Маһшаһрдағы «Карун» мұнай-химия кәсіпорнына шабуыл жасады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша кәсіпорынға екі снаряд түскен.
Карун мұнай-химия арнайы экономикалық аймағы ұйымының қоғаммен байланыс бөлімі хабарламасында бүгін, дүйсенбі күні таңғы сағат 07:30 шамасында Америка-Израилдің шабуылы салдарынан Мұнай-химия арнайы экономикалық аймағында орналасқан «Карун» мұнай-химия компаниясына екі снаряд түскенін мәлімдеді.
Һузестан останы әкімінің қауіпсіздік және құқықтық тәртіп жөніндегі орынбасары Уәлиолла Хаяти да Маһшаһрдағы «Карун» мұнай-химия компаниясы әуе шабуылына ұшырап, Израил снарядтарының түсуі салдарынан оның бір бөлігі зақымданғанын хабарлады.
Осылайша үшінші соғыс барысында Маһшаһрдағы бес мұнай-химия желісі дұшпан снарядтарының түсуінен шығынға ұшырады.
Маһшаһр мұнай-химия арнайы экономикалық аймағы ұйымы өз мәлімдемесінде: «Мұнай-химия арнайы экономикалық аймағының Азаматтық қорғаныс және дағдарысты басқару жоғары қолбасшылығының шешіміне сәйкес, күндізгі ауысымда жұмыс істейтін барлық қызметкерді аймақтан шұғыл эвакуациялау жарияланды», — деп хабарлады.
Айта кетейік, «Карун» мұнай-химия зауыты — Ирандағы изоцианаттардың негізгі әрі жалғыз өндірушісі және осы өнімдерді Таяу Шығыста шығаратын санаулы кәсіпорындардың бірі. Бұл кешеннің стратегиялық өнімдеріне полиуретан өндірісінің негізгі шикізаты болып табылатын TDI және MDI жатады.
Аталған материалдар жиһаз, матрас, автокөлік өндірісі, тоңазытқыштар мен мұздатқыштар, құрылыс оқшаулағыштары, сэндвич-панельдер және аяқ киім өндірісі өнеркәсібінде кең қолданылады.














