Израилдің Иранға шабуылдарына байланысты осы елдің батысындағы әуежайлар жұмысын уақытша тоқтатып, ұшу рейстері кейінге қалдырылып, әуе көгі ұшақтар үшін жабылды.
Еуразия тудейдің хабарлауы бойынша Иран әуежайлары ұйымының қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Маджид Ахаван бүгін, маусымның сегізі күні осы елдің батысындағы әуежайлардың барлығы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қайта хабарланғанша жұмыстарын тоқтатқанын мәлімдеді.
Оның айтуынша, кеше түнде Израилдің Тегерандағы әуежайларға шабуылдары Имам Хомейни және Меһр Абад әуежайларының уақытқа жұмыстарын тоқтатуына себеп болған.
Иранның әуежайұйымы жолаушыларға әуежайларға бармауды, ақпаратты ресми органдар мен БАҚ-нан алуды сұрады.
.












