Израильдік қоныстанушылар тобы Рамалланың шығысындағы Әл-Меғайер ауылында үй жануарларының бір табынын улады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша, Әл-Меғайер ауылы сенбі күні израильдік қоныстанушылардың тағы бір шабуылына ұшырады.
Жергілікті дереккөздерінің мәліметінше, қоныстанушылар тобы Әл-Халил аймағына кіріп, Ризқ Әбу Наим есімді жергілікті тұрғынға тиесілі мал табынын улаған. Салдарынан оның бірнеше бас малы қырылып қалған.
Жергілікті малшылар шығынның артуы мүмкін екенін ескертіп отыр. Соңғы жылдары израильдік қоныстанушылар палестиналықтарды қоныс аударуға мәжбүрлеу құралы ретінде мал улау әдісін бірнеше рет қолданған. Соңғы айларда Әл-Меғайер ауылында израильдік қоныстанушылар шабуылдарының айтарлықтай өсуі байқалады.












