Израильдің ұлттық сақтандыру мекемесі басып алынған аумақтардағы 2,8 миллион адамның, соның ішінде бір миллионнан астам баланың жеткілікті мөлшерде азық-түлік сатып алуға қауқарсыз екенін мәлімдеді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша израильдік осы мекеме 2023 жылдың 7 қазанындағы «Әл-Ақса дауылы» операциясынан кейін азық-түлік тапшылығына душар адамдардың саны күн сайын артып келе жатқанын, бүгінде басып алынған аумақ халқының шамамен үштен бір бөлігінің осындай қиындықпен бетпе бет келіп отырғанын мәлім етті.
Есепте өткен айда да баға индексінің бұрынғыша артқаны, тұрғын үй, азық-түлік және қызмет көрсету бағасының жоғарылығы отбасыларға қатты қысым келтіргені жазылған.
Haaretz газетінің мәліметі бойынша тіпті шекаралас аймақтардың жүздеген мың тұрғынының қонақ үйлерде тұруы да бұл дағдарыстың алдын ала алмаған.
Айта кетейік, «Әл-Ақса дауылы» операциясы 2023 жылдың 7 қазанында ХАМАС бастаған палестиналық қарулы топтар Газа секторынан Израильге еніп, шекара тосқауылын бұзып, жақын маңдағы Израиль қалалары мен әскери нысандарына кірген кезде басталды.












