Ауғанстан астанасы Кабул тұрғындары су дағдарысымен бетпе-бет келіп отыр
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша соңғы қырық жылда Ауғанстандағы үкіметтер Кабулда су ресурстараын басқару бөліміне назар аудармай келеді.
Кабулдың жерасты суларының деңгейі 30 метрге азайып, шамамен 60 000 құдық құрғап қалды. Есептеулерге сәйкес, алдағы бес жылға дейін Кабулдың жерасты сулары толығымен кеуіп қалады. Сарапшылар бұл үрдіс жалғаса берсе, қала 2030 жылға қарай сусыз қалуы мүмкін екенін ескертуде.
Осылайша, Ауғанстан астанасы Кабула су көздерінен айырылған алғашқы заманауи қалаға айналады. Онда елдің 40 халқының шамамен 7 миллион тұрғыны тұрады
Кабулдың су дағдарысына байланысты бірнеше маңызды факторды атауға болады. Олардың ең маңыздысы Кабул халқының күрт өсуінде. Соңғы жиырма жылда Кабул халқы екі есе өсті. Бірақ Ауғанстан астанасының су ресурсын қамтамасыз ету үшін ешқандай әрекет жасалмады. Иран мен Пәкістаннан Кабулға босқындардың оралуы осы факторды күшейтіп жіберді.
Су саласы мамандарының пікірінше, Ауғанстандағы ауыз су тапшылығының себептері ағын судың бақыланбауы, климат өзгерісінің салдары және халықтың елдің ірі қалаларында шоғырлануы болып табылады. Бұл адамдардың ауыз суға қол жеткізе алмауына соқтырды. Тұрғындар, әсіресе кедей аудандардың тұрғындары табыстарының 30 пайыза дейінін жеке жеткізушілерден су сатып алуға жұмсауға мәжбүр.
Гиндукуш тауларындағы жауын-шашынның азаюы және мұздықтардың еруі жер асты суларының табиғи қоректенуін төмендетті.
Жер асты суларының 80 пайызға дейіні ағынды сулармен, тұзбен және мышьякпен ластануы оны ішуге жарамсыз еттті.
Ауғанстан астанасында халықтың ауыз суға қолжетімсіздігі олардың денсаулығына көптеген проблема келтіріп, ауруларға душар етуде.
Ауғанстан үкіметінің басшылары Кабулды сумен қамтамасыз ету жоспарлары жүзеге асырылып жатқанын мәлімдегенімен, шетелдік көмектің тоқтатылуы және Ауғанстанның дағдарысты экономикасы осы негізгі мәселені тоқтатуға бөгет жасауы мүмкін.












