Такер Карлсон Израильдің өз уәждеріне қарамастан, барлық яһудидің өкілі емес екенін баса айтты.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша америкалық танымал жүргізуші Такер Карлсон бұл туралы Израильдің 13-арнасына берген сұхбатында мәлімдеді.
Карлсон осы арнаның сионистік жүргізушісіне қаратып: «Меніңше, Израиль азаматы ретінде (Иран үшін) «террорлық режим» деген тіркесті қолданбас бұрын ойлануыңыз керек, өйткені сіз жақында Ғазада мыңдаған баланы өлтірген елде өмір сүріп жатырсыз.
Израиль демократия емес. Шамасы, Америка Құрама Штаттары да демократия емес. Біздің үкімет үнемі халық қаламайтын нәрселерді істейді. Ендеше, бұл демократия емес. Бұл демократияға қарама-қайшы нәрсе.
Израиль премьер-министрі АҚШ президентін Америка Құрама Штаттарына зиян келтіретін соғысқа тартты.
Мен Америка Құрама Штаттары Израильге қарыздар деп есептемеймін. АҚШ Израильге бірдеңе беруі керек деп ойламаймын.
Меніңше, біз ертеңнен бастап Израильге жасалатын барлық көмек пен Израильмен жасалған барлық арнайы келісімдерді тоқтатуымыз керек», — деді.












