Кубаның Премьер-министрі Мануэль Марреро бүгін таңертең Тегеранға Иранның жаңа Президенті Масуд Пезешкианның инаугурация рәсіміне қатысу үшін елінің жоғары деңгейлі делегациясын бастап келді.
Еуразия Тудейдің ISNA агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Иран Ислам Республикасына алғаш рет ресми сапармен келген Куба Премьер-министрін Иранның Денсаулық сақтау министрі Бахрам Эйнуллахи мен СІМ басшысының көмекшісі және Иран Сыртқы істер министрлігі басқармасының бас директоры Иса Камели қарсы алды.
Кубалық қайраткер шетелдік басқа да жоғары лауазымды тұлғалармен бірге ертең, сейсенбі күні Иран Ислам Кеңесінің Мәжілісінде өтетін Масуд Пезешкианның ант беру рәсіміне қатысады.
Сондай-ақ, бүгін таңертең Масуд Пезешкианның инаугурациясына қатысу үшін Колумбия, Эквадор және Доминикана елдерінің өкілдері де Тегеранға келді.
Рәсімге қатысу үшін бүгін кешке Латын Америкасы елдерінен тағы екі жоғары лауазымды делегация күтілуде.
Еске сала кетейік, 19 мамырда Иран Президенті Ибраһим Раиси ұшақ апатынан қайтыс болғаннан кейін, Иранда мерзімінен бұрын президенттік сайлау екі кезеңде өтті. Екінші кезеңде Масуд Пезешкиан жеңіске жетті. Ертең, 30 шілде күні Масуд Пезешкиан Мәжілісте ант береді. Салтанатты шараға әлемнің 70 елінен делегациялар қатысады.



















