Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров: “Мәскеуде Ресей мен Иран президенттері Владимир Путин мен Масуд Пезешкиан қол қоятын жан-жақты серіктестік туралы келісім басқа ешбір елге қарсы бағытталмаған”, — деп мәлімдеді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Лавров IRNA тілшісіне Ресей дипломатиясының 2024 жылғы қорытындылары туралы баспасөз мәслихатында: «Бұл келісім, біздің КХДР-мен жасалған келісіміміз сияқты ешбір елге қарсы бағытталмаған және сындарлы сипатқа ие», — деді
Кремльдің баспасөз қызметі: “Ресей президенті Владимир Путин мен Иран президенті Масуд Пезешкиан 17 қаңтарда келіссөздер қорытындысы бойынша жан-жақты стратегиялық әріптестік туралы келісімге қол қояды”, — деп хабарлады.
Айта кетейік, Иран Президенті Пезешкиан Ресейге қаңтардың он жетісі күні барады. Ол сапар барысында Ресей президенті Владимир Путин және осы елдің басқа да жоғары дәрежелі басшыларымен кездесумен қатар екі арасында жан-жақты стратегиялық ынтымақтастық келісіміне қол қойылады.












