Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Мәскеуде қазақстандық әріптесі Ермек Көшербаевпен келіссөз жүргізеді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша бұл туралы Ресей Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова мәлімдеді.
Захарова сәрсенбі күні брифингте: «22 қазанда РФ Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрімен келіссөз жүргізеді. Ол осы қызметке тағайындалғаннан кейінгі алғашқы ресми сапармен Мәскеуге келеді. Сыртқы саясат ведомстволарының басшылары саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы, соның ішінде Қазақстан Президентінің Ресей Федерациясына алдағы мемлекеттік сапары аясындағы көп қырлы екіжақты ынтымақтастыққа қатысты мәселелердің кең ауқымын жан-жақты талқылайды.
Ресей мен Қазақстанның Еуразиялық кеңістіктегі интеграциялық тетіктер: ҰҚШҰ, ЕАЭО, ШЫҰ және ТМД аясындағы ынтымақтастығына ерекше назар аударылатын болады», — деді.
Захарова министрлер аймақтық және жаһандық күн тәртібіндегі мәселелер бойынша сағат теңестіретінін, сондай-ақ халықаралық өзекті мәселелер бойынша пікір алмасатынын айтты.












