Сальвадорда өткен 72-ші халықаралық «Әлем аруы-2023» байқауының жеңімпазы анықталды. «Әлем аруы-2023» халықаралық байқауында никарагуалық Шейннис Алондра Паласиос Корнехо жеңіске жетті.
Халықаралық сұлулық байқауының қорытындысы бойынша 23 жастағы никарагуалық Шейннис Алондра Паласиос Корнехо әлемдегі ең сұлу қыз атанды.
Шейннис Паласиос «Әлем аруы» атағын жеңіп алған Никарагуадан шыққан алғашқы әйел атанды.
Тақырыпқа орай:
Ол 2000 жылғы 31 мамырда Никарагуаның Манагуа қаласында дүниеге келген. Паласиос Орталық Америка университетінде бұқаралық коммуникациялар мамандығы бойынша білім алды.
Екінші орынды Таиланд өкілі, 27 жастағы Антония Порсильд иеленді.
Сальвадорда өткен байқауға әртүрлі елдерден 84 үміткер қатысты.
Байқау келесі жылы Мексикада өтеді.
Айта кетсек, байқауға Қазақстан атынан 20 жастағы «Алматы аруы-2022» және «Қазақстанның вице-миссі-2022» атақтарының иегері Томирис Заир қатысты. Бойжеткен қазақтың дәстүрлі киімі мен дала жауынгерінің костюмін үйлестірген бейнеде әлемдік сахнаға шықты.
«Әлем аруы» — жыл сайын ұйымдастырылатын халықаралық конкурс және әлемдегі ең беделді сұлулық байқауларының бірі.










