Ливан Израильдің Бейруттың оңтүстігіндегі Дахия ауданына жасаған шабуылын айыптады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Ливан Премьер-министрі әрі Сыртқы істер министрі Наваф Салам басқыншы Израильдің кеше Бейруттың оңтүстігіндегі Дахия ауданына жасаған шабуылын айыптап, осы режимнен атысты тоқтату келісіміне табандылық сақтауды сұрады.
Ливан Премьер-министрі Наваф Салам басқыншы режимнің кеше кешке Бейруттің оңтүстігіндегі Дахия ауданына жасаған шабуыл айыптап: «Біз сионист режимнің шабуылдарын жалғастыруын айыптаймыз.
Ливандағы атысты тоқтату бітімін қадағалайтын халықаралық бақылаушылардан осы шабуылдарды тоқтату және Израиль әскерилерін неғұрлым жылдам Ливан жерінен шығару үшін шара қолдануды сұраймыз», — деді.
Ливан Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жариялап, Бейруттің оңтүстігіндегі халық тығыз қоныстанған Захия аймағына қарсы Израильдің жасаған шабуылын айыптады: «Біз бақылаушы мемлекеттерді Израильге шабуылдарын тоқтатып, атысты тоқтату бітімін бұзғаны үшін қысым жасауда тиісті шара қолдануды сұраймыз», — деді.
Ливан СІМ Израильдің басқыншылығын аймақтың бейбітшілігі мен қауіпсіздігін бұзып, Ливанның өзінің ұлттық егмеендігін сақтау жолындағы талпыныстарына кедергі деп атады.
Сәуірдің 27-сі күні кешке Израиль армиясының әскери ұшақтары Ливан астанасы Бейруттің Дахия төңірегіне күшті соққы жасап, «Хезболла» тобына тиесілі дәлдіктегі зымырандары сақталған қойманы қиратты.












