Сионистік режимнің ішкі қауіпсіздік министрі Итамар Бен-Гвир Ливандағы атысты тоқтату режимі ұзаққа созылмайтыны туралы мәлімдеді.
Еуразия Тудейдің хабарлауынша, сионистік режимнің ішкі қауіпсіздік министрі Итамар Бен-Гвир осы режимнің жетінші телеарнасына берген сұхбатында Ливандағы атысты тоқтату келісімі бұдан әрі жалғаса алмайтыны туралы уәж айтты.
Сионист радикал министрдің бұл мәлімдемесі басқыншы режимнің өткен аптада атысты тоқтату келісімін алты рет бұзғанын мойындаған тұста жасалып отыр.
Сионистік режим армиясы өткен аптада Ливанның оңтүстігіндегі басқыншы әскерге қауіп төндірген қарулы тұлғаларға қарсы алты рет әуеден соққы жасағанын хабарлады.
Ливанның ресми ақпарат агенттігі басқыншы әскерилердің әскери техникалар және бульдозерлермен Хадата аймағынан Харис маңына қарай ілгерілеп, үйлердің бірінде орналасқанын мәлімдеді. Сионистер бұл аймақта ауқымды тазарту операцияларын жүргізген уақытта барлау және соққы жасаушы ұшқышсыз ұшақтар аспанда жаппай ұшып жүрді.















