Халықаралық мәселелер бойынша сарапшы Сергей Кожемякин Fars News агенттігінің Бішкектегі аймақтық кеңсесіне ұсынған материалында сионистік режимнің Хасан Насралланы шәһид етудегі қылмысының әртүрлі аспектісін талқылады.
Қазіргі халықаралық қатынас жүйесі түбегейлі түрде әділетсіз деген шындық барша ақылды адамға түсінікті. Дегенмен, теңсіздік пен диктатураның бұл деңгейі және тәуелсіз елдердің істеріне араласушылық біздің көз алдымызда артып келеді. Бұл өз орнын заңсыздық пен қылмыскерлердің жазаланудан толық босауына берді. Әлемдік жүйенің бұл бұзылысы толығымен табиғи жағдай. АҚШ жетекшілік ететін имперализм бөлінбейтін гегемонияның кезеңі аяқталып бара жатқанын түсінеді.
Бағыныштылық қамытына төзуден, басқа адамдардың ережелерімен ойнаудан бас тартқан елдердің саны көбейіп келеді. Олар өздерінің егемендігін құрметтеуді талап етеді, олар өз ресурстарын басқаруды, өздерінің құндылықтары мен даму мақсаттарын анықтауды қалайды. Олардың қатарында Иран, Қытай және Ресей тұр.
Батыс олармен әділ бәсекелестік негізінде күресуді қаламайды. Ол қандай бағамен болса да толық билеуге мұқтаж. Осы мақсатқа жету үшін импералистер ештеңеден тайынбайды: соғыс бастаудан да, күнәсіз адамдарды жаппай қырудан да немесе халықты бір біріне айдап салудан да. Бұл құралдар Батыстың гегемониясына қарсы дұшпанның барлығына қарсы қолданылады. Ортақ тағы бір ерекшелік бар: қолын былғағасы келмейтін Батыс өзінің сателиттеріне арқа сүйейді. Батыс аймақтық соғыстарды жүргізу үшін соларды қолданып, соларды ортақ жауларына қарсы қояды. Ресейге қатысты жағдайда бұл жерде Украина тұрса, Жапония, Тайвань мен Филиппин Қытаймен қарсыласуда. Иранмен және аймақтағы одақтастарымен күресте Батыс сионистік режимнің қызметін пайдаланады. Бұл ұстаным Батыс Азиядағы тұрақсыздыққа ұластырды.
Сионистік режим Америка мен Батыстың басқа елдерінің қолдауымен палестиналықтардың жерінде геноцид жасап, ондаған мың бейбіт тұрғынды қаза етті. Сирия, Йемен, Ливан мен Иранға қанқұйлы шабуылдарды жүзеге асыруда. Бұл режим мен оның жақтастарының ахлақтық құндылықтар мен халықаралық нормаларды аяқасты етіп жатқаны туралы шындық Ливанға қатысты оқиғалармен дәлелденеді.
Хезболла қозғалысы мен басқа да қарсыласу күштері қатігез қанішерлердің қылмыстарын байсалды түрде бақылап қарап тұра алмады. Бірақ олардың әрекетін сионистердің жойқын машинасымен салыстыруға болмайды. Сионистік режим жасырын террорды, тұрғын аудандарды, босқындар лагерін, өлімнен қашқан тұрғындардың колонналарын бомбалау және атқылауды күн тәртібіне қойса, Хезболла шабуылдарының нысанасы әскери базалар, қару-жарақ қоймалары мен әскери зауыттар. Бірақ ынтымақтастықтың бұл көрінісін де сионистік режим мен Америка қабылдамады. Израил әскері Ливанға шабуыл жасағанда әйелдер мен балаларға да рақымшылық көрсетпеді. Жүздеген бейбіт адам қаза тапты. Басқыншылар құрамында өте улы ақ фосфор бар оқ-дәрілерді қолданудан тартынбайды.
Ливанмен шекаралас аймақтар шын мәнінде жансыз кеңістікке айналды. Жарты миллионнан астам адам босқындыққа ұшырады. «Өздерін қорғау» деген жалған уәждеріне қайшы сионистік режимнің сарбаздары шекара бойындағы аймақтарды ғана емес, сонымен қатар Ливанның түкпіріндегі «Беғаа» аңғары мен Бейрут пен басқа жерлерді де бомбалады. Олар Хезболланың жетекшілерін қудалауды бастап, 27 қыркүйекте Хасан Насралла мен серіктерін шәһид етті. Бұл заңсыз өлтіру әшкере түрдегі террордың нағыз өзі.
Хезболланың сионистік режим мен Батыс елдері айтып жүргендей «әскери жауынгерлік топ» емес екенін ұмытпауымыз керек. Олар Ливанның саяси процесіндегі заңды, толық және ықпалды биліктің бір бөлігі болып табылады. Бұл топ 2022 жылғы парламенттік сайлауда дауыс саны бойынша бірінші орынға ие болды. Хезболланың Парламентте өкілдері болуымен қатар оның мүшелері Ливан үкіметінің құрамында да бар.
Бұл әрекет сионистік режимнің лаңкестік машина екенін және әлемдік саясатта оқшаулануы тиістігін тағы растады. Бірақ Батыс өзінің одақтасының қорлануына жол бермейді. Шетелдік үкіметтер мен ұйымдардың басшыларын өлтірмесе де, олар басқа елдердің халқын жоймаса да, Иранға, Солтүстік Кореяға, Кубаға және басқа да бірқатар елге қарсы санкция салып, қысым көрсетудің басқа әдістерін қолданады. Мұның бәрін Израиль істеп жатқанымен бұл ел әлі де жазасыз қалуда. Оның қылмысына АҚШ пен Еуропа елдері сыбайлас. Олар сионистік құрылымды қару-жарақпен қамтамасыз етіп отырғанымен, оны жауапқа тартудан бас тартады.
Ливанға қарсы қазіргі басқыншылық та Израильге шабуыл жасауға «жасыл шырақ» берген Батыстың ұстанымымен байланысты. Израильдің Ливанға шабуылдары басталғаннан кейін АҚШ, Еуроодақ және НАТО қандай ұстаным білдіргенін еске түсірейік. Олар Израильдің қабылданбайтын әрекеті туралы бір ауыз сөз айтпастан айыпты Хезболла мен Иранның мойнына асты. Қозғалысқа қарсы жаңа санкциялар салынып, Батыс ақпарат құралдарында өшпенділік пен өтірік науқаны басталды. Алайда Насралла мен Хезболланың басқа жетекшілерінің өліміне соқтырған әуе шабуылы кезінде америкалық оқ-дәрілер: JDAM бағыттау жүйелері бар BLU-109 және BLU-117 бомбалары қолданылғаны белгілі болды. АҚШ басшылығы лас әрекетті толық қолдайтынын мәлімдеді. «Насралланың Израиль әуе шабуылында қаза болуы оның көптеген құрбандарының, соның ішінде мыңдаған америкалық пен израильдіктер және ливандық бейбіт тұрғындар үшін әділет шарасы болып табылады. Америка Құрама Штаттары Израильдің өзін қорғау құқығын толығымен қолдайды», — деді президент Джо Байден. Шын мәнінде, батыс көшбасшыларының қолдары шынтағына дейін құрбандардың қанына боялған.
Израиль мен оның қолдаушылары зорлық-зомбылықты күшейте отырып, бірнеше мәселені шешеді. Олар Иранды әлсіретіп, империализмді жоққа шығаратын барлық күшті қорқытуға тырысуда. Олар сондай-ақ Беньямин Нетаньяху мен оның сыбайластарын режим үкіметінің күйреуінен құтқарғысы келеді.
Израильде апта сайынғы шерулерге қатысушылардың саны миллионға жақындады. Халық биліктен қырғынды тоқтатып, жаңа сайлауды жариялай отырып, отставкаға кетуді талап етуде. Нетаньяху өз орнында қалу үшін көбірек қақтығыс тудырып, мыңдаған адамды өлтіруге дайын. Ол мұның алдында да өз есімін тарихтағы ең қатыгез диктаторлар тізіміне енгізді. Қылмыскерлер ақыры бетперделерін шешті. Олардың озбырлығын тоқтату керек. Сионистер өздеріндегі қиындықтарды жеңе алмайтынын білетіндіктен дағдарысты тереңдетуге тырысуда.
Харизматикалық тұлға және революцияның символы Сейед Хасан Насролланың шәһид болуы осы аймақ халықтарының есінен шықпайды. Топ жетекшісі отыз жыл ішінде бұл режимнің барлық қарсыласын «Ливандағы қарсыласу» деп аталатын өстің айналасына жинай алды. Ол қазіргі ғасырдың көрнекті тұлғаларының бірі және жаһанда әділет орнатушылардың бірі болды. Хезболланың бұл әрекеттен әлсіремейтіні сөзсіз. Себебі, әділет талап етуші бұл қозғалыстың өзі бір идеология.












