Франция президенті Эммануэль Макрон Израильдің Газа секторын басып алу жобасын апат деп атады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Макрон Газа секторындағы соғысты тез арада тоқтату керектігін қуаттады.
Франция президенті Израиль министрлер кабинетінің операцияны кеңейту туралы мәлімдемесін бұрын-соңды болмаған көлемдегі жарияланған апат және тұрақты соғысқа жасалған қадам деп атап, мұндай стратегияның алғашқы құрбандары израильдік кепілге алынғандар мен Газа тұрғындары болатынын мәлімдеді.
Франс Пресс агенттігінің мәліметі бойынша Франция президенті Эммануэль Макрон Газа секторын тұрақтандыру үшін БҰҰ бастаған миссияны бастауды ұсынды.
Осы агенттік Елисей сарайына сілтеме жасап: «Франция президенті терроризммен күресу, Газа секторын тұрақтандыру, оның халқын қолдау және бейбіт және тұрақты үкімет құру үшін басымдыққа ие БҰҰ мандаты бойынша халықаралық коалиция құруды ұсынды», — деп жазды.
Еске салайық, Израильдің қауіпсіздік кабинеті жуырда Палестина эксклавының солтүстік бөлігінде орналасқан Газа қаласын бақылауға алу туралы жаңа жоспар бекітті.












