Франция президенті Эммануэль Макрон қазақ тілінде жариялаған жазбасында Қазақстан президенті Тоқаевпен әңгімесінің егжей-тегжейін түсіндірді.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Эммануэль Макрон кеше тамыздың жиырма үші күні Қасым Жомарт Тоқаевпен сөйлесе салысымен бұл жайында Х платформасында жазба жариялады: «Мен жаңа ғана Қазақстан Президенті Тоқаев мырзамен әңгімелестім. Біз стратегиялық әріптестігімізді нығайту мәселесін, әсіресе көлік және энергетика саласында, 2023 жылғы қарашада Қазақстанға жасаған сапарымның және өткен қарашада Президент Тоқаевтың Францияға жасаған мемлекеттік сапарының жалғасы ретінде талқыладық.
Сондай-ақ біз халықаралық жағдайды да: Ресейдің Украинаға қарсы жүргізіп жатқан соғысын және Оңтүстік Кавказдағы жүріп жатқан келіссөздерді қарастырдық”.
Еске салайық, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев француз тарапының бастамасымен тамыздың жиырма үші күні Франция Президенті Эмманюэль Макронмен телефон арқылы сөйлесті.












