Eurasiatoday
Понедельник, 23 ноября, 2026
KG | RU | KZ
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Орталық Азия
    • Қырғызстан
    • Қазақстан
    • Өзбекстан
    • Тәжікстан
    • Түркіменстан
  • Әлем
    • Америка
    • Европа
    • Азия
    • Батыс Азия
    • Россия
  • Мәдениет
  • Туризм
  • Ғылым
  • Дiн
  • Спорт
  • Біз туралы
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Орталық Азия
    • Қырғызстан
    • Қазақстан
    • Өзбекстан
    • Тәжікстан
    • Түркіменстан
  • Әлем
    • Америка
    • Европа
    • Азия
    • Батыс Азия
    • Россия
  • Мәдениет
  • Туризм
  • Ғылым
  • Дiн
  • Спорт
  • Біз туралы
No Result
View All Result
Eurasiatoday
KG | RU | KZ
No Result
View All Result

Макронның Қазақстанға сапары туралы сарапшылар не ойлайды

  • Сарапшы пікірі
  • 1 ноября, 2023 15:08

Loading

Франция Президенті елдің энергетика, агро кешен, азық-түлік және тау-кен өнеркәсібі салаларындағы делегациямен, соның ішінде Electricite de France SA коммуналдық компаниясы және атом станцияларын салатын Assystem SA инжинирингтік компаниясымен бірге Қазақстанға ресми сапармен келді.

Бүгін, 1 қараша күні Франция Президенті Эмманюэль Макрон Астанаға ресми сапармен келді. Шетелдік қонақты елімізге Қасым-Жомарт Тоқаев шақырды.

Сапар аясында екі ел басшылары сауда-экономикалық, инвестициялық және энергетикалық ынтымақтастықты нығайту мәселелері жөнінде келіссөз жүргізеді. Сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі мәселелерді талқылайды деп жоспарланып отыр.

Тақырыпқа орай:

Ұлттық дәстүрлерді сақтау мен мәдени ерекшелікке құрмет — өзара түсіністіктің негізі

Ұлттық дәстүрлерді сақтау мен мәдени ерекшелікке құрмет — өзара түсіністіктің негізі

23.11.2026

Саясаттанушы Қазбек Бейсебаевтың айтуынша, Франция Президенті сияқты жоғары лауазымды тұлғалар елімізге жайдан жай келмейді. Ең алдымен, мемлекет басшылары энергетика тақырыбын қозғайды.

«Ядролық тақырып басты назарда болады. Бірақ бұл атом электр стансасына ғана қатысты емес. Атом энергетикасы саласында Франция да жетекші ел саналады, алайда соңғы уақытта ол өз позициясын жоғалтып алды. Өйткені күн тәртібіне экология мәселесі шыққандықтан, атом өнеркәсібінен алыстай бастады. Қазір бұл жағынан олар артта қалып отыр. Француздар экологтардың ықпалына түсті. Бірақ, менің ойымша, Франция бәрібір де осы мәселені талқылайды», — деп санайды сарапшы.

Сарапшының айтуынша, уран тасымалы да Франция үшін өте маңызды. Олар уранды Нигер мемлекетінен тасымалдайтын. Алайда биыл Нигер билігі Франциямен ынтымақтастықты тоқтатып, оларды шикізатсыз қалдырды.

«Уран – атом станцияларының отыны. Шикізат жеткізу Францияда өткір мәселеге айналды. Себебі электр энергиясының бағасы онсызда өсті, егер тағы қымбаттаса, бұл экономикаға үлкен соққы болады», — дейді Бейсебаев.

«Қазақстан Франция мен Ресей арасына дәнекер болып, жағдайды реттеуге көмектесе алады. Қазақстанның, жалпы Орталық Азияның әлемдік экономикадағы рөлі артып келеді», — дейді сарапшы.

Былтыр күзде мемлекет басшысы Парижге ресми сапар жасаған еді. Сол кезде Қасым-Жомарт Тоқаев Макронды елімізге шақырды. Саясаттанушы Айдар Әмребаевтың ойынша, француз басшысының осы жолғы сапары, ең алдымен, осы шақыруға жауап ретінде сыпайылық сапары.

«Жалпы екі ел де ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі. Себебі Қазақстан – Франциямен стратегиялық әріптестік орнатқан Орталық Азиядағы жалғыз мемлекет. Францияны не қызықтырады? Мемлекетіміз шикізатқа бай болғандықтан, еуропалық серіктестер ең алдымен біздің мұнай-газ ресурсымызды, осылармен байланысты басқа да салаларды игеруге қызығушылық танытады», — дейді Әмребаев.

Сондай-ақ, сарапшының ойынша, Макронның сапары Еуропада жүзеге асырыла бастаған Global Gateway жобасымен де байланысты.

Францияның Халықаралық қатынастар институтының (IFRI) өкілі, сарапшы Микаэль Левистон Макронның Қазақстанға сапары жөнінде «Франция үшін Қазақстан мұнай мен уран жеткізуші негізгі елдердің бірі. Қазақстанның АЕС салу жобасы аясында біздің елмен қарым-қатынас орнатуы тиімді болмақ. Францияның атом энергетикасында тәжірибесі мол. Бұл кездесуде екіжақты сауда-саттықтың жаңа динамикасы қалыптасады деген сенім бар»,-дейді.

Ал француз-қазақ іскерлік кеңесінің төрағасы Ги Сидос: «1 қараша күні Астанада өтетін экономикалық форумда денсаулық сақтау ісі, ауыл шаруашылығы мен ветеринария сынды ауқымды салалар бойынша да мәселелер қозғалады. Ал құрылыс бағытындағы қатынас онсыз да қарқынды дамып келеді. Мыңаралдағы Vicat (Викà) және Тараздағы Saint-Gobain (Сан-Гобàн) компаниялары қос елдің негізгі жобалары. Бұл банк секторынан бөлек, қызмет көрсету секторының барлығына оң ықпалын тигізері сөзсіз»,-дейді.

Францияның ірі компаниялары басшыларының делегациясында су ресурстарын басқаруға маманданған Suez тобының өкілі бар. Делегация құрамына сәйкес, мазмұнды басқосуда энергетика, азық-түлік қауіпсіздігі және қалалық көлік қатынастары саласы бойынша да байланыс талқыланады.

Сарапшылар Макронның Орталық Азияға сапарын алдымен, Қазақстаннан бастауын үлкен маңызға балап отыр. Олардың айтуынша, бұл қос ел арасындағы ынтымақтастық байланыстың берік орнағандығын аңғартады.

Айта кетсек, Эмманюэль Макрон Моңғолияға барып, ірі көлемде уран сатып алу туралы келісімге қол қойған Францияның тұңғыш президенті.
Сондай-ақ ол Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастық саммитіне қатысқан алғашқы Франция көшбасшысы.

FacebookTwitterWhatsApp
Tags: Қазақстанресми сапарСарапшыЭмманюэль Макрон
Подпишитесь и получайте новости первыми​
FACEBOOK
INSTAGRAM
YOUTUBE

Ұқсас жаңалықтар

Ұлттық дәстүрлерді сақтау мен мәдени ерекшелікке құрмет — өзара түсіністіктің негізі

Ұлттық дәстүрлерді сақтау мен мәдени ерекшелікке құрмет — өзара түсіністіктің негізі

23.11.2026
Пак-Айин: АҚШ-тың Иранға қарсы құрлықтағы жоспары сәтсіздікке ұшырайды

Пак-Айин: АҚШ-тың Иранға қарсы құрлықтағы жоспары сәтсіздікке ұшырайды

13.11.2026
Игорь Коротченко: Каспий жағалауындағы мемлекеттер АҚШ-тың бұл өңірге қол сұғуына жол бермеуі тиіс

Игорь Коротченко: Каспий жағалауындағы мемлекеттер АҚШ-тың бұл өңірге қол сұғуына жол бермеуі тиіс

13.11.2026
Қазақстан мен Иранның Һормозган провинциясы сауда-экономикалық әріптестікті тереңдету жолдарын талқылады

Қазақстан мен Иранның Һормозган провинциясы сауда-экономикалық әріптестікті тереңдету жолдарын талқылады

13.11.2026
Тоқаев ғылым мен білімді дамыту және цифрлық экономиканы қалыптастыру міндеттерін белгіледі

Тоқаев ғылым мен білімді дамыту және цифрлық экономиканы қалыптастыру міндеттерін белгіледі

28.10.2026
Қазақстан делегациясы Түркияның аграрлық саланы цифрландыру тәжірибесін зерделеді

Қазақстан делегациясы Түркияның аграрлық саланы цифрландыру тәжірибесін зерделеді

28.10.2026
Трамп АҚШ президенті болып үшінші мерзімге сайлана алмайды

Трамп АҚШ президенті болып үшінші мерзімге сайлана алмайды

24.10.2026
Қазақстан мен Иран ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын талқылады

Қазақстан мен Иран ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын талқылады

10.10.2026
Астанада Қазақстан мен Оман арасында жоғары деңгейдегі келіссөздер өтеді

Астана мен Маскат арасындағы ынтымақтастық жаңа деңгейге көтеріледі

05.10.2026

Басты жаңалықтар

Иранға қарсы соғысты тоқтату жаңа Конгрестің басымдықтарының бірі болады

Иранға қарсы соғысты тоқтату жаңа Конгрестің басымдықтарының бірі болады

23.11.2026
АҚШ сенаторы әскери жасанды интеллектке бақылауды күшейтуге шақырды

АҚШ сенаторы әскери жасанды интеллектке бақылауды күшейтуге шақырды

23.11.2026
Пәкістан Ауғанстаннан қарулы топтарға қарсы шара қолдануды талап етті

Пәкістан Ауғанстаннан қарулы топтарға қарсы шара қолдануды талап етті

23.11.2026
Пентагон Ирандағы әскери операцияның нақты ауқымын Конгрестен жасырып отыр

Пентагон Ирандағы әскери операцияның нақты ауқымын Конгрестен жасырып отыр

23.11.2026
Америкалық сенатор: Иранмен соғысқа ондаған миллиард доллар босқа жұмсалды

Америкалық сенатор: Иранмен соғысқа ондаған миллиард доллар босқа жұмсалды

23.11.2026
Тәжікстан мен Иран су үнемдеу технологияларын енгізу перспективаларын талқылады

Тәжікстан мен Иран су үнемдеу технологияларын енгізу перспективаларын талқылады

21.11.2026

Валюта бағамы

Экономика

Иранға қарсы соғысты тоқтату жаңа Конгрестің басымдықтарының бірі болады

Иранға қарсы соғысты тоқтату жаңа Конгрестің басымдықтарының бірі болады

23.11.2026
Йемен Сауд Арабиясының порттарына шабуыл жасай алады

Йемен Сауд Арабиясының порттарына шабуыл жасай алады

21.11.2026
Тәжікстан мен Иран су үнемдеу технологияларын енгізу перспективаларын талқылады

Тәжікстан мен Иран су үнемдеу технологияларын енгізу перспективаларын талқылады

21.11.2026
АҚШ Сингапур мен Малайзияға Иранға салынған санкцияларға қатысты ескерту жасады

АҚШ Сингапур мен Малайзияға Иранға салынған санкцияларға қатысты ескерту жасады

21.11.2026
Язан Абуши: Израиль табиғатты қорғау сылтауымен саясат жүргізіп отыр

Язан Абуши: Израиль табиғатты қорғау сылтауымен саясат жүргізіп отыр

21.11.2026
Демократ сенатор Адам Шифф АҚШ-тың қаржы шығыны артқанын мәлімдеді

Демократ сенатор Адам Шифф АҚШ-тың қаржы шығыны артқанын мәлімдеді

20.11.2026

Eurasia Today

Біздің серіктестер

Slide 1
Slide 2
Next Post
Өзбекстан мен Ауғанстан арасында 1,2 млрд долларлық келісімшарт жасалды

Өзбекстан мен Ауғанстан арасында 1,2 млрд долларлық келісімшарт жасалды

  • Басты бет
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Мәдениет
  • Орталық Азия
  • Ғылым
  • Туризм
  • Дiн
  • Спорт
  • Сурет
  • Бейне
© 2023 Eurasiatoday.
Барлық құқықтар сақталған.
Сайттың ескі нұсқасы

«EURASIA TODAY» сайтындағы материалдарды қайта басып шығару және көшіруге тек дереккөзге сілтеме жасаған жағдайда ғана рұқсат етіледі. Мәтіндік, фото, аудио және бейне материалдарды пайдалану тек авторлық құқық иесінің келісімі арқылы ғана мүмкін болады.