Өзбекстан мен Ауғанстан арасында 1,2 миллиард долларға жуық экспорттық-импорттық келісімшарттар жасалды.
Келісімшарт Өзбекстан Премьер-министрінің орынбасары Жамшид Ходжаев бастаған делегацияның Кабулға ресми сапары барысында орын алды.
Сапар аясында Өзбекстан делегациясының басшысы мен Ауғанстан Премьер-министрінің экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Абдул Ғани Бародар арасында шағын құрамды кездесуі өтті.
Кездесуге екі елдің инвестиция, өнеркәсіп және сауда, ауыл, су шаруашылығы, тау-кен және геология, энергетика және көлік министрлері қатысты.
Кездесу барысында Ауғанстан мен Өзбекстанның экономикалық салада пайдаланылмаған мүмкіндіктері көп және оларды пайдалану өзара сауда көлемін бірнеше есе арттыруға қызмет ететіні атап өтілді.
Абдул Ғани Бародар ауғанстандық инвесторлар, іскер топ өкілдері мен жүк көлігі жүргізушілері үшін жаңа виза механизмін жасағаны үшін Өзбекстанға алғыс айтты.
Өз кезегінде Жамшид Ходжаев Инвестициялар, индустрия және сауда министрлігі екіжақты сауда көлемін жақын арада 3 миллиард долларға жеткізу үшін «Жол картасын» әзірлегенін мәлімдеген.
Өзбекстан тарапы Ауғанстанды көлік/транзит және электрмен жабдықтау бойынша ауқымды инфрақұрылымдық жобаларға қатысуға, кадрларды даярлауға және олардың әлеуетін арттыруға дайын екендігі айтылып, Өзбекстанда Ауғанстанда өндірілген өнімдердің көрмесі өтетіні белгілі болды.
Сапар қорытындысы бойынша 1 миллиард 185 миллион доллар көлемінде экспорт/импорт бойынша келісімге қол жеткізілді.



















