Зоран Мамдани егер Нетаньяху келесі жылы Нью-Йоркке келсе тұтқындалатынын қуаттады.
Еуразия Тудейдің хабарлауы бойынша Нью-Йорк қаласының сайланған мэрі Зоран Мамдани Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху егер БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясына келсе, Халықаралық қылмыстық соттың үкімі бойынша ұсталатынын баса айтты.
Алайда бұл сөз көбінесе символикалық сипатқа ие. Өйткені Америка Құрама Штаттары Халықаралық қылмыстық соттың мүшесі емес. Оның үстіне Трамп мұндай әрекетке рұқсат бермейтінін мәлімдеді.
Айта кетейік, Мамдани — Американың ең ірі қаласының алғашқы мұсылман басшысы.












