Иран Президенті Масуд Пезешкиан ұшақ апатына байланысты Әзірбайжан Президентіне көңіл айтты.
Еуразия Тудейдің ИРНА агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Солтүстік Хорасанға жасаған провинциялық сапарында Боджнурд қаласында болған Масуд Пезешкиан Илһам Алиевке телефон арқылы көңіл айтты.
Президент Пезешкиан әзірбайжандық әріптесі Илһам Алиевпен телефон арқылы сұхбатта жолаушылар ұшағының апатқа ұшырап, осы елдің бірқатар азаматының қайтыс болуына байланысты Әзірбайжан Республикасының Үкіметі мен халқына көңіл айтты.
Пезешкиан телефон арқылы әңгіме барысында Иран Ислам Республикасының Әзірбайжанмен өзара іс-қимылды кеңейтуге мүдделі екенін айтып, Илһам Алиевті Тегеранға келуге шақырды.



















